Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігінің мыңдаған құпия құжаттары әшкереленді
Қар 12, 2022 14:54 Asia/Almaty
Кибер топтың бірі Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігінің мыңдаған құпия құжаттарын жариялады.
Al-Alam телеарнасының хабарлауынша, өздерін «Ибрахим балтасы» деп атайтын топ Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігінің мыңдаған құпия құжаттарын жариялады, онда Сауд Арабиясының құпия жерлерінен алынған мәліметтер бар. Сондай-ақ Сауд режимінің лаңкестік жалдамалыларына қатысты құжаттарды жариялады. Аталмыш кибер топ: «Бұл құжаттар Сауд Арабиясының құпия құжаттарының бір бөлігі ғана. Сауд режимі туралы көбірек құжаттарды жариялаймыз»,- деп қорқытты.