Кремль әлемдік қауымдастықтан Запорож АЭС-нің атқылануына реакция білдіруді сұрады
Кремль Украинадағы Запорож АЭС-нің үсті-үстіне атқылануына алаңдаушылық білдіріп, әлемдік алпауыттардан Украинаны Еуропадағы ең ірі АЭС-ке шабуыл жасауды тоқтатуға шақыруды сұрады.
Ресей күштерінің бақылауындағы Запорож АЭС-не 19 қарашада оқ атылды. АҚХА бұл жағдайды сынап, шабуыл салдарынан ядролық апат болу қаупі барын ескертті.
Кремльдің баспасөз өкілі Дмитрий Песков дүйсенбі күні: "Біз барлық елдерден өз ықпалын пайдаланып, Украина қарулы күштерінің шабуылдарын тоқтатуды сұраймыз",-деді.
Украина бұл АЭС-ті Ресей атқылап жатыр деп уәж айтады. Украинаның оңтүстігінде орналасқан осы АЭС-ке шабуыл Чернобыль апаты болған жерден 500 км қашықтықта тағы бір ірі ядролық апаттың туындау ықтималын арттырып отыр.
Ресей Қорғаныс министрлігі бұдан бұрын: "Украина күштері Запорож АЭС-ін электр қуатымен қамтамасыз ететін желілерді нысанаға алды",-деп мәлімдеген болатын. Киев пен Мәскеу бір-бірін осы стансаға шабуыл жасап, ядролық апат туындау қаупін күшейтіп отыр деп айыптады.