АҚШ Ресейдің кейбір азаматтары мен мекемелеріне қарсы жаңа санкция салды
АҚШ-тың Қаржы министрлігі: "Ресейдің 18 мекемесі мен 40-тан аса азаматына санкция салынды",-деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі бейсенбі күні өз мәлімдемесінде: "Бұл санкциялар – Ресейдің қаржы секторын нысанаға алу мақсатында дайындалған жаңа пакеттің бір бөлігі",-деп хабарлады.
Санкциялар тізіміне Ресей Премьер-министрінің орынбасары, Херсон автономды облысының басшысы, ВТБ мен Росбанк басшылары ілікті.
Еурокомиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен өткен аптада: "Брюссель Ресейдің 3 банкі мен 200 жеке және құқықтық тұлғасына Мәскеуге қарсы тоғызыншы санкциялар пакетінің бір бөлігі ретінде санкция салатын болады",-деп мәлімдеді.