АҚШ-тың Украинадағы соғысқа араласуы жалғасуда
(last modified Wed, 21 Dec 2022 10:23:54 GMT )
Жел 21, 2022 16:23 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Украинадағы соғысқа араласуы жалғасуда

АҚШ басшылары бұл елдің Украинадағы соғысқа араласуын жалғастыра Украинаға жаңа әскери пакетін жіберетінін хабарлады.

Аты-жөнін атағысы келмеген америкалық шенеуніктер бүгін, сәрсенбіде, Украина президенті Владимир Зеленскийдің Вашингтонға сапарымен бір мезгілде   Associated Press агенттігіне: «АҚШ Украинадағы соғысты сылтауратып, бұл елге құны 1,8 миллиард доллар болатын жаңа әскери пакет жібереді. Оған алғаш рет Patriot зымыран жүйесі мен басқарылатын бомбалар кіреді»,- деді.

Еуропа мен Батыс елдері, әсіресе АҚШ Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың қысымын күшейтіп, Киевке жеңіл және ауыр қарудың барлық түрін жеткізіп, Украинадағы соғысты тоқтатуға қадам жасамады. Керісінше, олар бұл елдегі қақтығыстардың отын өршітті. Ресей Украинаға Батыстың қару-жарағын жіберу тек қақтығысты ұзартатынын бірнеше рет айтқан.

Тегтер