Ашхабад Теһранмен қарым-қатынасты кеңейтуді қуаттады
(last modified Wed, 21 Dec 2022 12:57:26 GMT )
Жел 21, 2022 18:57 Asia/Almaty
  • Ашхабад Теһранмен қарым-қатынасты кеңейтуді қуаттады

ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов телефон арқылы сұхбатта екіжақты ынтымақтастық пен аймақтық оқиғалар туралы пікір алмасты.

Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов осы әңгімеде екі ел арасындағы келер жылдың басында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия өткізу туралы келісімге тоқталып, елінде Иранмен қарым-қатынасты кеңейтуге ешқандай шектеулердің жоқтығын мәлімдеді. Түрікменстан Сыртқы істер министрі екі елдің халықаралық форумдардағы, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) аясындағы ынтымақтастығын да маңызды деп бағалады. Рашид Мередов сонымен қатар Шаһшырақ кесенесіндегі лаңкестік оқиғаны айыптап, өз елінің халықаралық ережелер аясында лаңкестікпен күресуде Иранмен әріптестік жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Иран мен Түркіменстанның транзиттік ынтымақтастығы және осы Орталық Азия елінің Иранның байланыс жолдарынан пайдалану мәселесі Иранның Түркіменстан және Орталық Азияның басқа республикаларымен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтарының маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Түркіменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты Орталық Азияның бес республикасы теңізге шыға алмайтындықтан және халықаралық ашық суларға қол жеткізе алмағандықтан, соңғы уақытта олар Иранның көмегімен және жәрдемімен жылы және еркін халықаралық суларға қол жеткізу мүмкіндікке ие болды.  Иран Орталық Азия республикаларын Парсы шығанағы, Оман теңізі және Үнді мұхитының жылы суларымен байланыстыратын ең қауіпсіз және үнемді транзиттік жолды ұсынады. Бұған дейін Орталық Азияның кейбір республикалары, соның ішінде Түркіменстан мен Қазақстан осыған байланысты Иранмен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Түрікменстан мен Қазақстан – Иранмен теміржол және теміржол қатынасы салаларында ынтымақтастық орнатуға ниет білдірген Орталық Азия елдері.

Өзбекстан басшылары да ашық және жылы халықаралық суларға жету үшін Иран және Түркіменстанмен келісімге қол қойды. Тәжікстан мен Қырғызстан да Иранмен транзит саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, өздерінің экспорттық және импорттық тауарларын Иранның автомобиль және теміржол транзиттік бағыттары арқылы экспорттау және импорттауды қалайтындарын жариялады. Сердар Бердімұхамедов пен Қасым-Жомарт Тоқаев автомобиль жолдарын пайдаланумен қатар, Иранның теміржол транзиттік бағыттарынан тауарларды экспорттау және импорттау үшін пайдалануды талап етті. Осы транзиттік жолдың маңыздылығына байланысты Түркіменстан мен Қазақстан президенттері   Ашхабад пен Астана үкіметтеріне Иранмен жаңа келісімдерге қол қою арқылы осы транзиттік бағытта тиімдірек экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған байланысты Түркіменстанның Көлік және коммуникациялар агенттігінің бас директоры Мамметхан Чакыев  ағымдағы жылдың жазында (2022) сөйлеген сөзінде: «Тасымалдау саласындағы 12 халықаралық конвенцияны мақұлдай отырып, Ашхабад осы саладағы кең ауқымды ынтымақтастық саясатын күн тәртібіне қойды және бұл үдеріс БҰҰ Бас Ассамблеясының төрт қарарының бекітілуімен басталды»,- деді.

Орталық Азия республикаларының Иранның транзиттік жолдарын пайдалануы бұл елдер үшін ең қолайлы бағыттардың бірі екені анық. Қазіргі жағдайда Орталық Азия республикаларының басқа байланыс жолдары үнемді емес және қауіпті. Осы себепті Иранның транзиттік жолын пайдаланып әлемнің әртүрлі елдерімен байланыс орнату Орталық Азия республикалары үшін өте маңызды.

Тегтер