Байден АҚШ-тың Украинаға әскери қолдауын жалғастыруын қуаттады
АҚШ Президенті Джо Байден украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін АҚШ-тың Киевке әскери қолдауын жалғастыратынын қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні кешке Ақ үйде Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында Джо Байден 50-ден астам елдің Украинаға қолдау көрсету және елдің позициясын нығайту үшін 2000 танк пен броньды көлік және 50 зымырандық кешен беруге міндеттеме алғанын айта отырып: «Біз тікелей Украинаға 2 миллиард доллар береміз. Біз Украина үкіметінің негізгі қызметтерді қамтамасыз ете алуы үшін Киевке миллиардтаған доллар көмек көрсеттік»,- деп мәлімдеді.
АҚШ Президенті ресейлік әріптесіне қарсы уәждерін жалғастырып «Путин сәтсіздікке ұшырады және қазір бүкіл Украинаны жаулап ала алмайтынын біледі»,- деді. Байден сондай-ақ Вашингтонның Украинаға 1,8 миллиард доллар көлеміндегі көмегінің жаңа бөлігі туралы қайталап: «Біз Украинаға Patriot жүйелерін береміз және украиналықтарды оларды қолдануға үйретеміз»,- деп айтты.