Байден АҚШ-тың Украинаға әскери қолдауын жалғастыруын қуаттады
(last modified Thu, 22 Dec 2022 12:42:20 GMT )
Жел 22, 2022 18:42 Asia/Almaty
  • Байден АҚШ-тың Украинаға әскери қолдауын жалғастыруын қуаттады

АҚШ Президенті Джо Байден украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін АҚШ-тың Киевке әскери қолдауын жалғастыратынын қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні кешке Ақ үйде Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында Джо Байден 50-ден астам елдің Украинаға қолдау көрсету және елдің позициясын нығайту үшін 2000 танк пен броньды көлік және 50 зымырандық кешен беруге міндеттеме алғанын айта отырып: «Біз тікелей Украинаға 2 миллиард доллар береміз.  Біз Украина үкіметінің негізгі қызметтерді қамтамасыз ете алуы  үшін Киевке миллиардтаған доллар көмек көрсеттік»,- деп мәлімдеді.
АҚШ Президенті ресейлік әріптесіне қарсы уәждерін жалғастырып «Путин сәтсіздікке ұшырады және қазір бүкіл Украинаны жаулап ала алмайтынын біледі»,- деді. Байден сондай-ақ Вашингтонның Украинаға 1,8 миллиард доллар көлеміндегі көмегінің жаңа бөлігі туралы қайталап: «Біз Украинаға Patriot жүйелерін береміз және украиналықтарды оларды қолдануға үйретеміз»,- деп айтты.

 


 

 

Тегтер