Қаң 02, 2023 19:33 Asia/Almaty
  • Иран кинорежиссерінің туындысы Ресей халықаралық кинофестиваліне қатысады

Иранның «Табыт» қысқаметражды фильмі Ресейде өткен халықаралық «Тайга» кинофестиваліне қатысады.

Әли Амининия режиссері және сценарийін жазған ирандық қысқаметражды «Табыт» фильмі төрт минутта және 2 актердің қатысуымен әлеуметтік мәселе түрінде түсірілді. «Табыт» хикаясы жаңбырдан құлаған ауылдың мәйіт жуатын жерінің төбесі және жаңбыр астында қалған ескі табыт туралы.

Ресейдің Хабаровск қаласындағы «Тайга» кинофестивалі Азиядағы кинематографияны қолдайтын және дамытатын аттас ұйымның бақылауында. Қауымдастық дарынды және жаңа кинематографистерді тануға және қолдауға мүмкіндік беру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен өтінімдерді қабылдайды.

 

 

Тегтер