Қаң 06, 2023 17:10 Asia/Almaty
  • Иранда 94 мың шетелдік студент оқып жатыр

Иранның Ғылым, технология және зерттеулер министрінің орынбасары елде 94 мың шетелдік студент оқып жатқанын хабарлады.

Хашем Дадашпур: "Қазіргі таңда Ирандағы шетелдік студенттердің саны 94 мыңға жетті. 107 университетке шет елден студент тартуға рұқсат берілген. Бұл үдеріс осы саладағы жаңа жарғыларға сәйкес жалғасын табады",-деді.

Иранның Ғылым, технология және зерттеулер министрлігінің Студенттер ісі жөніндегі ұйымының директоры шетелдік студенттерді тарту жолдарының әралуандығына тоқталып: "Біз көбіне Ирак пен Ауғанстаннан студент қабылдаймыз. Ирактан 56 мың студент, Ауғанстаннан 33 мың студент оқуға тартылды",-деді.  

Тегтер