Иран мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Sun, 08 Jan 2023 13:13:32 GMT )
Қаң 08, 2023 19:13 Asia/Almaty
  • Иран мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Венесуэла Сыртқы істер министрі Иван Хил Пинтомен телефон арқылы сөйлесіп, оны Венесуэланың жаңа Сыртқы істер министрі ретінде тағайындалуымен құттықтап, екі елді қызықтыратын тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

Амир Абдуллахиан осы сұхбатта қос тараптың әріптестігі мен талпыныстарының арқасында екі ел қарым-қатынасының барлық салаларда одан ары кеңейгеніне куә боламыз деп үміт білдірді.

Иван Хил Пинто да Амир Абдуллахианның құттықтағанына алғыс айтып, Иран мен Венесуэланы халықаралық сахнадағы маңызды серіктестер деп атады. Ол екі елдің ортақ экономикалық комиссиясы жиналысының сәтті өткеніне ризашылық білдірді.