Ресейдің бұрынғы американдық сарбазды босатты
Қаң 13, 2023 07:46 Asia/Almaty
The Hill басылымы Ресейдің Польша мен Литва арасындағы облысында бір жыл қамауда болған АҚШ-тың бұрынғы әскери-теңіз сарбазын босатқанын хабарлады.
Hill басылымының хабарлауынша, бостандыққа шыққан тұтқынның баспасөз хатшысы Джонатан Фрэнк Twitter-де: « Бүгін (жұма) Ресей үкіметі менің клиентім Тейлор Дадлиді Польша шекарасынан өту үшін босатты»,- деп жазды. Мичигандық 35 жастағы Дадли сәуір айында Ресейдің солтүстігінде және шығысында Литвамен және оңтүстігінде Польшамен шектесетін Калининград облысынан Балтық теңізін кесіп өткеннен кейін қамауға алынды.
Бұл мәлімет бойынша, Дадлиді босату үшін АҚШ пен Ресей арасында тұтқын айырбасталмаған.