Пәкістан халқы «Иранда жасалған» деп аталған көрмені құптады
Иранның «Иранда жасалған» атты көрмесі Пәкістанның Карачи қаласында Теһран мен Исламабад арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту, жоғары сапалы ирандық тауарларды таныстыру мақсатында өтуде.
Елуден астам ирандық компания, оның ішінде жетеуі білімге негізделген компания үш күн бойы (2023 жылдың 16-18 қаңтары) Карачидегі «Made in Iran» көрмесіне белсенді түрде қатысуда.
«Иранда жасалған» көрмесінде Иранның білімге негізделген, мұнай-химия, құрылыс материалдары, азық-түлік, өнеркәсіптік машиналар, полимер өнімдері және бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтері салаларындағы соңғы өндірістік жетістіктері көрсетілді.
Экономикалық белсенділер мен Пәкістан халқы Карачидегі арнайы «Иранда жасалған» көрмесін құптады.