Қаң 20, 2023 19:58 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойылды

Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы және Еуразиялық экономикалық одақтың ресми делегациясының қатысуымен еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды.

Еуразиялық экономикалық одақ – Еуропаның шығысындағы және Еуразияның солтүстігіндегі елдер құрған экономикалық ұйым. 2014 жылы 29 мамырда Беларусь, Қазақстан мен Ресей осы одақты құру хаттамасына қол қойды. 2015 жылы 1 қаңтардан бастап одақ іс жүзінде жұмыс істей бастады.

Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Әлиреза Пейманпак осы келісімге қол қоюдың Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуын жеңілдетіп, тездететінін айтып: "Келісіммен қоса, ортақ жұмыс тобын құруға дайынбыз. Осы күнге дейін жақсы қаржы операциялары жүзеге асырылды. Логистикаға қатысты шаралар күн тәртібіне қойылған",-деді.

Еуразиялық экономикалық одақтың Сауда министрі Андрей Слепнев те келісімге қол қою рәсімінде: "Иран мен Ресейге қарсы салынған шетелдік санкцияларға қарамастан, екі ел ерік-жігерінің арқасында өзара әріптестік айтарлықтай артты",-деді.

Тегтер