Maм 04, 2024 17:52 Asia/Almaty
  • Анаңды бағала / Ананың ұлылығына діни көзқарас

Барлық илаһи діндерде ананың мәртебелі де биік орны бар және бәрі оған құрметпен қарап, ұлылықпен еске алады. Исламда бұл әлдеқайда айқын көрінеді.

Бұрынғы пайғамбарлар ананы құрметтеуге кеңес бере отырып, ең алдымен ананың алдында өзін құрметтеп, ананың мейірімін, кешірімін сұраған.

Ибраһим Халил ата-анасы үшін дұға етіп, Алладан кешірім сұрайды: "Уа, Алла! Есеп берілетін күні мені, әкемді, анамды және барлық мүміндерді кешір".

Хазірет Мұса және оның жәннаттағы серігі

Хазірет Мұсаның дінінде ананың орны өте үлкен болған. Мұса пайғамбар Аллаға жалбарынғанда, оны тану үшін оны жәннаттағы серігімен таныстыруын сұрайды. "Уа, Мұса, белгілі бір маңайға барып, дүкенге бар, сонда жұмыс істейтін адам саған жәннатта серігін болады" деген хабар келеді. Хазірет Мұса бұл жас жігіт туралы зерттегеннен кейін сал ауруына шалдыққан анасының барлық жұмысын өзі істейтінін түсінеді және анасы оған "Алла Тағала оны жәннатта Мұса бин Имранға серік етсін" деп дұға етеді.

Хазірет Исаның анасына деген көзқарасы

Исаның дініндегі ананың орнының үлкен болғаны сонша, ол өмірінің басында  Аллаға шүкіршілік айтып, осы жайтты есіне алып, анасына жақсылық жасаушы қылып жаратқаны үшін Аллаға шүкіршілік етеді. Өйткені, ол анаға жақсылық жасаудың ең қымбатты екенін біледі: «Мені анама жақсы адам етті, залым қылмады».

Жұмақ ананың табанының астында

Барлық илаһи діндер анаға құнды орын беріп, оны құрметтесе де, Ислам бұл мәселеге басқа мазхабтарға қарағанда көбірек көңіл бөліп, ананы ұлықтаған.

Алла Тағала Құран Кәрімде ананы ұлылық атап, оның мәртебесін бір жағынан дәріптеген. Алла Тағала «Лұқман» және «Ахқаф» сүресінде ата-ананың жақсылығын ұсынып болған соң, ананың қайғысы мен қиыншылығына төзімділігін білдірген.

Ислам пайғамбарының хадистерінде, өмірінде ана құқығын сақтау және оның мінезі мен мәртебесі жақсы айтылған. Ардақты Пайғамбарымыз аналардың мәртебесін түсіндіре отырып: «Жәннат – аналардың табанының астында",- деді. Бұл хадис ананың разылығынсыз жәннат пен оның нығметтеріне жете алмайтынына нұсқайды.

Шиіттердің төртінші имамы ана туралы

Ислам пайғамбарының ұрпақтарының бірі, шиіттердің төртінші имамы хазірет Әли бин әл-Хусейн ананың құқығы және оның ұлылығы мен қадір-қасиеті туралы былай дейді: "Сенің анаңа қатысты  құқығы - ол сені көтеріп жүргенін білу, өйткені ешкім басқаны көтермейді. Ол саған ешкімге бермеген жүрегінің жемісінен берді. Ол сені бүкіл дене мүшелерімен құшақтады және сені жауып, көлеңкелеу үшін күн астында болудан қорықпады және сен үшін ұйқыны ұмытты және сені суық пен ыстықтан қорғады. Алланың жәрдемі болмаса, ананың осы қызметтің үшін, қалай шүкіршілік ете аласың".

Имамның құқықтарды түсіндіру тілімен айтылған бұл сөзі аналық мәртебенің ұлылығын көрсетеді. Балаға деген осынша сүйіспеншілік және баланы тәрбиелеу үшін көптеген қиындықтарға төзе білу балаға үлкен міндет артады. Сол үшін жұмыс істеу керек.

Құранда:  "Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле",- деп айтылды.

Ислам пайғамбары мен Әһл-Бәйт пен оның 12 ізбасар имамдарының өмірбаяны және олардың аналарымен қарым-қатынасы, ана есімінің алдында тағзым етулері  ананың мәртебесі мен қадір-қасиетін көрсетеді. Ана мәртебесі – Құран аяттарында Аллаға мойынсұну мен құлшылық ету дәрежесі ретінде айтылған діни көзқарастағы жоғары мәртебе.

"Діни ойдағы ана орны" мақаласынан алынды.

Тегтер