Maм 06, 2024 00:08 Asia/Almaty
  • Бобби Сэндс көшесінен Бобби Сэндс бургеріне дейін: Теһрандағы ирландиялық қаһарман туралы естелік

Бобби Сэндс – Ирландияның Ұлыбританиядан тәуелсіздік алу жолындағы күрескерлердің бірі. Ол Ұлыбританияның түрмесінде ғасырдың ең танымал аштық акциясын жасап, британ үстемшілдігіне қарсы күресте жан тапсырды.

"Бобби Сэндс" деген атпен танымал Роберт Джерард Сэндс Солтүстік Ирландиядағы Белфастта дүниеге келген. 18 жасында Ирландияның азаттық талап етуші армиясына қызметке қабылданып, бірнеше рет қамауға алынып, түрмеге отырып шықты.

Бобби Сэндс Ирландияның тәуелсіздігін алу жолындағы күресте

Бобби Сэндс отаршылдыққа қарсы күрес және Британ үкіметінің қатынасына наразылық ретінде тұтқындардың киімін киюден бас тартты.

Ирландия республикасы тұтқындарының командирі ретінде оның түрмедегі күрестері әртүрлі тәсілдермен жалғасты. 1981 жылы наурызда Бобби Сэндс тұтқындарға қолдау ретінде және британдық басқыншыларды Ирландияның солтүстігінен шығару мақсатында аштық акциясын бастады.  

Ұлыбритания түрмелеріндегі Бобби Сэндстың аштық акциясы оның қайтыс болуына әкеліп соқтырды.

Бобби Сэндстің мақсаты Солтүстік Ирландияны британ күштерінің оккупациясынан босату болды. Әрине сонымен қатар тұтқындардың құқықтарын сақтап, мәжбүрлік еңбекті тыйып, апта сайын оқуға мүмкіндік беріп, сот шешімін алу құқығын қорғау болды.

Британдықтар Бобби Сэндстің талаптарына көңіл аудармады. Бобби Сэндс оларға тарихи сабақ берді. Түрмеде республикашылдықты қалаған пікірлестермен бірге ол кезең-кезеңмен аштық акциясын өткізіп, әлем халықтарының назарын өздеріне аударды.

Бобби Сэндс 1981 жылы 5 мамырда 66 күндік аштық акциясынан кейін 27 жасында түрменің ауруханасында қайтыс болды.

Бобби Сэндстің табытын тасымалдау

Ол қайтыс болғанға дейін католик шіркеуінің өкілдері де Бобби Сэндстен аштық акциясын тоқтатуды сұраған. Ол: "Аштық акциясын тоқтат деп маған қысым жасағанша Ұлыбритания үкіметінен бізді жайымызға қалдырсын деп айтыңыздар",-деп жауап берген.

Бобби Сэндстің азаттық талап ету және отаршылдықпен күресу рухы Теһранда бір көшенің осы кісінің атымен аталуына себеп болды. Ол қайтыс болғаннан кейін Ұлыбритания елшілігінің батыс бұрышында орналасқан көшеге Бобби Сэндстің аты берілді. Елшілік ресми хаттарда үнемі "Бобби Сэндстің" атын қайталай бермеу үшін Фердоуси даңғылынан басқа бір есік ашты.

Теһрандағы Ұлыбритания елшілігіне жапсарлас орналасқан Бобби Сэндстің көшесі

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Бобби Сэндске қатысты "ирландиялық қаһарман" деген сипаттама қолданып: "Біз оған тек күрескер ретінде қарамаймыз, біз Бобби Сэндстің "жабық еріндерінің" жолдауын естіп, оған кесімді түрде иман келтірдік. Бұл жолдау әлемге үстемдік етуші державалар мен империялардың күйреуі туралы хабар болды",-деді.

Теһранның солтүстігіндегі "Бобби Сэндс бургер" мейрамханасы

Ирандықтар Бобби Сэндстің тұлғасын қатты құрметтейді. Сондықтан Теһранның солтүстігіндегі бір мейрамхана оның атымен аталған.

Бобби Сэндстің аштық акциясы туралы "Аштық" көркем фильмі

2008 жылы Стив Маккуин түсірген "Аштық" көркем фильмі – 1981 жылы Ирландиядағы тұтқындардың аштық акциясы туралы бір тарихи драма. Басты кейіпкері – Бобби Сэндс. Оны Майкл Фассбендер ойнаған.

Тегтер