Қалибаф Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне қосқанына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i67068-Қалибаф_Еуропа_Парламентінің_Сақшылар_корпусын_лаңкестік_топтар_тізіміне_қосқанына_реакция_білдірді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Қалибаф Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусын "лаңкестік топтар" деп танылғандар тізіміне қосқанына реакция білдіріп: "Парламент бұл әрекетке тура өздеріндей жауап береді",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 20, 2023 21:46 Asia/Almaty
  • Қалибаф Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне қосқанына реакция білдірді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Қалибаф Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусын "лаңкестік топтар" деп танылғандар тізіміне қосқанына реакция білдіріп: "Парламент бұл әрекетке тура өздеріндей жауап береді",-деді.

Қалибаф: "Еуропа мемлекеттері өздерін АҚШ пен Израильдің жасырын үстемдігінен арылту керек. Батыс Азия туралы рационалды шешім қабылдауы тиіс. Болмаса, оның шығынын толық өтейді",-деді.

Қалибаф Еуропа елдерінің лаңкес пен лаңкестікті қолдауды өздерінің ресми саясатының бір бөлігіне айналдырып алғанын көрсеткенін айтып: "Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне қосу туралы ұсынысы – шын мәнінде мәдениет, шаһадат пен қызмет ошағына қарсы күресу",-деді.