Француз саясаткері Зеленскийді "жынды" деп атады
(last modified Thu, 26 Jan 2023 13:21:42 GMT )
Қаң 26, 2023 19:21 Asia/Almaty
  • Француз саясаткері Зеленскийді

Францияның "Патриот" саяси партиясының басшысы Киевтің Батыстан қырғи ұшақ сұрағаны туралы ақпараттар таралғаннан кейін Украина Президентін "жынды" деп атады.

Францияның саяси тұлғаларының бірі әрі Еуропа Парламентінің бұрынғы өкілі Флориан Филиппо Твиттердегі жеке парақшасында  Франция үкіметінің Украина соғысына қатынасы және Эммануэль Макронның Володимир Зеленскийдің талап-тілектеріне қатысты ұстанымын қатты сынға алды.

Флориан Филиппо осы твитте: "Енді Зеленский Батыстан қырғи ұшақтар мен ұзақ қашықтыққа арналған зымырандар алғысы келеді. Содан кейін кезек ядролық арсеналға келе ме? Бұл жынды адамның соңынан қашанға дейін ере береміз?"-деп жазды.

Француз саясаткері бұған дейін Батыстың Украинаға танк жіберу туралы шешімін сынап: "Бұл – Үшінші дүниежүзілік соғысқа алып келетін ең қысқа жол",-деген болатын. 

Тегтер