АҚШ Иранмен арада тұтқындармен алмасу туралы жанама келіссөз өтетініне реакция білдірді
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Теһран мен Вашингтон арасында тұтқындармен алмасу мақсатында жанама келіссөздер өтетіні туралы ақпаратты растады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нед Прайс сәрсенбі күні Вашингтонда өткен баспасөз отырысында NBC News ақпарат арнасының Иран мен АҚШ арасында тұтқындармен алмасу мақсатында жанама келіссөздер өтетіні туралы таратқан ақпаратының жай-жапсарын жариялаудан бас тартып: "Бұл ақпараттың егжей-тегжейін растайтын жағдайда емеспіз. Бірақ ақпараттың тоқетері біздің америкалық азаматтарды азат ету үшін кез келген шараны атқаруға бел байлап отырғанымызды көрсетеді",-деді.
Нед Прайс "АҚШ қазір Иранмен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру туралы хат алмасып жатыр ма?" деген сұраққа: "Жоқ. Ядролық келісімді назардан тыс қалдырғанымызға айлар болды",-деді.