Иранның ұлттық баскетбол командасы әлем чемпионатына жолдама алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i67952
Қазақстан командасы Аустралия командасынан жеңілгеннен кейін Иран баскетбол командасы әлем чемпионатына жолдама алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2023 19:58 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық баскетбол командасы әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстан командасы Аустралия командасынан жеңілгеннен кейін Иран баскетбол командасы әлем чемпионатына жолдама алды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мельбурнда өткен Баскетбол-2023 әлем чемпионатының соңғы іріктеу кезеңінде Қазақстан командасы Аустралия командасымен ойнап, 98:53 есебімен жеңілді. Қазақтар жеңілгеннен кейін Иран баскетбол командасы әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды. Қытай мен Иран ойының нәтижесі бұл жолдамаға әсер етпейді.

Баскетбол-2023 әлем чемпионаты келер жылы Жапония, Филиппин және Индонезия елдерінде өтеді.