АҚХА Басқарма кеңесінде АҚШ Иранға қарсы уәждерін қайталады
АҚШ-тың АҚХА Басқарма кеңесіндегі елшісі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын кім бұзғанына тоқталмастан, Иранға қарсы уәждерін қайталады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың АҚХА Басқарма кеңесіндегі елшісі Лаура Холгейт: "Өткен қыркүйекте Иран шындыққа жанаспайтын әрі орындалмайтын талап-тілектер қою арқылы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына тез арада қайта оралуға деген үмітті жойды",-деп уәж айтты.
Ол Иранның агенттік жұмысын саясиландыруды қалайтынын айтып: "Иран қауіпсіздікке қатысты міндеттемелерін ұжымдық қауіпсіздік келісіміне ие елдердің міндеттемелерінен бөлек орындағысы келеді",-деді.
Санкцияларды жоюға қатысты келіссөздер айлар бойғы дипломатиялық талқылаудан кейін АҚШ тарапынан қарым-қатынастағы қайшылықтар, шешім қабылдауда кешеуілдеу, шектен тыс талап ету және жаңа талаптар қою себебінен тоқырап қалды.