АҚХА Басқарма кеңесінің отырысында Ресей мен Еуроодақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жандандыруды қолдады
АҚХА Басқарма кеңесінің маусымдық отырысында Ресей мен Еуроодақ санкцияларды жоюға қатысты келіссөздерге қайта оралып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыруды қолдап ұстаным білдірді.
Ресейдің Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы өкілі Михаил Ульянов АҚХА Басқарма кеңесінің отырысында Батыс елдерінің Иранның ядролық бағдарламасы туралы уәждеріне жауап беріп, олардың алаңдаушылығын жоюға болатынын айтты. Михаил Ульянов: "Алаңдаушылық жойылу үшін Вена келіссөздеріне қатысушылар Венаға қайта оралып, бірнеше күннің ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру туралы шешімнің алғынұсқасын қорытындылауы керек",-деп мәлімдеді.
Басқа жағынан Еуроодақ АҚХА Басқарма кеңесінің отырысында: "Брюссель "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жүзеге асу үшін саяси-дипломатиялық талпыныстар жасайды",-деп мәлімдеді. Брюссель өз мәлімдемесінде: "Иранның ядролық жұмыстары күшейгеннен кейін аймақта ядролық дағдарыс қатері артуы ықтимал",-деді.
Ресей мен Еуроодақтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыруға қатысты оң ұстанымын бірнеше оқиға аясында сараптауға болады. Біріншіден, АҚХА бас директоры Рафаэль Гроссидың Теһранға сапары және агенттік пен Иран арасында ынтымақтастықты арттыру туралы екіжақты келісімге қол қойылуы Иранның агенттік көтерген мәселелерді шешуге, бейбіт ядролық жұмыстардың ашықтығын арттыруға ниетті екенін көрсетті. Бақылаушылардың мойындауынша, осы ниет АҚХА Басқарма кеңесінің отырысында Иранға қарсы қарар қабылдау мүмкіндігінің жойылуына себеп болды.
Екінші мәселе: Германия, Франция мен Ұлыбританиядан тұратын Еуропа үштігі – 4+1 тобының мүшелері және Еуроодаққа мүше елдердің Иранда соңғы бүлік пен наразылықтар салдарынан ИИР жүйесін әлсіретуге үмітінің азайғанын көрсетеді. Әрине АҚШ бастаған Батыс елдері осы бүліктерге жан-жақты қолдау көрсетті. Батыстықтар соңғы наразылықтар Иранға қысым жасауға жақсы мүмкіндік деп ойлады. Сол себепті әсіресе америкалық басшылар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру туралы келіссөздер басты басымдық болудан қалды, күн тәртібінен алынып тасталды" деп сан рет жариялады. Алайда енді Иранда бүлік шығару жобасы жеңіліс тапқаннан кейін еуропалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыруда саяси-экономикалық және қауіпсіздік мүдделері барын түсініп, осы келіссөздерге қайта оралуға басымдық беріп, саяси-дипломатиялық қолдау көрсетіп отыр.