Амир Абдуллахиан: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – Ресеймен келіссөздердің басты тақырыптарының бірі
(last modified Wed, 29 Mar 2023 12:36:47 GMT )
Нау 29, 2023 18:36 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан:

Иран Сыртқы істер министрі: "Ресей Сыртқы істер министрімен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы сөйлесемін",-деді.

Ирандық делегацияны бастап Ресейге барған Амир Абдуллахиан Мәскеуге келе сала: "Иранның ядролық келіссөздер есігі әлі де ашық. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен талқылайтын тақырыптардың бірі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы және тараптардың өз міндеттемелеріне қайта оралу мәселесі болмақ",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: "Айлар бойы Венада өткен Иран мен 4+1 тобының келіссөздерінің жаңа кезеңінде Ресей маңызды рөл атқарды",-деді.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ The Wall Street Journal-дың Ресейден кибербақылау жабдықтары Иранға, Иранның ұшқышсыз ұшақтарының Ресейге тасымалданып жатқаны туралы уәждерінен сүйенген АҚШ Иран мен Ресейдің әскери-қорғаныс саласындағы ынтымақтастығына алаңдайтынына тоқталып: "Қорғаныс саласында әріптесу – Теһран мен Мәскеудің ортақ күн тәртібіндегі мәселе. Иран мен Ресейдің ынтымақтастығы ешбір тарапқа қарсы  бағытталмаған",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Ресейдің қарым-қатынасын бағалай келіп: "Екі ел түрлі салаларда белсенді әріптестік жасап келеді. Қос тарап екі елдің мүдделері негізінде дамып жатқан қарым-қатынасқа риза",-деді.

Тегтер