"Каспий – достық теңізі" атты ралли-тур аясында ресейлік мотоциклшілер Иранға келді
(last modified Thu, 06 Apr 2023 12:15:23 GMT )
Сәу 06, 2023 18:15 Asia/Almaty

"Каспий – достық теңізі" атты туристік ралли-тур аясында ресейлік мотоциклшілер Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан-е Разави облысындағы шекаралық бекеттен өтіп, елге кірді.

"Каспий – достық теңізі" атты ралли-тур Ресейдің Астрахань облысынан басталып, Каспий маңы елдерінің қарым-қатынасын нығайту мақсатында Қазақстан, Түрікменстан, Иран мен Әзірбайжанды басып өтеді.   

Астрахань облысының әкімі Игорь Бабушкин бастаған халықаралық шараға 19 адам қатысып жатыр. 15 мотоциклші Каспий маңы елдерінен өтіп, белгіленген уақыт кестесі бойынша 2023 жылы 6 сәуірде Иранға келді.

Тегтер