Еркін күрестен Иранның ұлттық құрамасы Азияда үшінші орынды иеленді
(last modified Sat, 15 Apr 2023 09:56:16 GMT )
Сәу 15, 2023 15:56 Asia/Almaty
  • Еркін күрестен Иранның ұлттық құрамасы Азияда үшінші орынды иеленді

Иранның еркін күрестен ұлттық құрамасы бір алтын, бір күміс, 3 қола медаль және 124 командалық ұпай жинап, Азияда үшінші орынға тұрақтады.

13 және 14 сәуірде Астанада еркін күрестен 36-шы Азия чемпионаты өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, еркін күрестен 36-шы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Иран командасының 65 келі салмақта Рахман Амузад алтын, 86 келі салмақта Алиреза Карими күміс, 61 келі салмақта Ясин Резаи, 79 келі салмақта  Амир Хұсейн Кавуси  және 97 келі салмақта Моджтаба Гилидж  қола жүлдені жеңіп алды.

Командалық рейтингте Иран 124 ұпаймен үшінші, ал Қазақстан 179 ұпаймен және Жапония 129 ұпаймен бірінші және екінші орында тұр.