Иран аймақ елдерімен темір жол жобаларын орындауға келісті
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Теһран үкіметінің аймақ елдерімен темір жол жобаларын орындауға келіскенін хабарлады.
Иранның Жол және қала құрылысы министрі БАӘ-мен ортақ экономикалық комиссия төрағасының ресми шақыруымен Абу-Дабиде өткен Батыс Азия халықаралық темір жол форумына қатысып, оның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, темір жол көрмесін тамашалады.
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Мехрдад Базрпаш Твиттердегі жеке парақшасында: "Абу-Дабиде өткен Батыс Азия халықаралық темір жол форумында инженерлік-техникалық қызмет көрсету, ирандық компаниялардың аймақ елдерінің темір жол жобаларын орындауға қатысуы, көршілес елдердің қаржы институттарының Ирандағы темір жол және айлақ салу жобаларына инвестиция салуы туралы жақсы келісімдер жасалды",-деді.
Базрпаш: "Ұлы жібек жолы қайта жанданады",-деді.