Германия Сыртқы істер министрі: Соғысып жатқан ел НАТО-ға қабылдана алмайды
Германия Сыртқы істер министрі: "НАТО соғысып жатқан елді мүшелікке қабылдай алмайды",-деді.
Анналена Бербок Норвегияның астанасы Ослода НАТО-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысында: "НАТО-ның жаңа елдерді қабылдауға қатысты ашық есік саясаты әлі де жалғасуда",-деді.
НАТО-ның бас хатшысы: "Украина болашақта НАТО-ның мүшесі болады",-деді.
Йенс Столтенберг НАТО-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлері отырысының алдында: "Ресейде НАТО-ның кеңеюіне қарсы вето құқығы жоқ",-деді.
Бұл сөздер кеше Украина Президенті өз елінің НАТО-ға қосылуға дайын екенін жариялағаннан кейін айтылды. Ресей Украинаның НАТО-ға қосылуына түбегейлі қарсы. Владимир Путин мұның Ресей үшін бір қызыл сызық болатын ескертті.
НАТО-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы бүгін Ослода басталып, екі күнге созылады.