Иран- Түркіменстан- Қазақстан рельстік дәлізінің мүмкіндігін пайдалану қажет
Түркіменстан Сыртқы істер министрі Иран- Түркіменстан- Қазақстан рельстік дәлізіне көбірек жүк тарту тақырыбында мамандандырылған отырыс өткізуді сұрады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Теһранда Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахундимен кездесуінде Иран- Түркіменстан- Қазақстан рельстік дәлізінен транзиттаудың соңғы жағдайы, тас жолдан тасымалдау арқылы транзитті дамыту және Серахс көпірін салу туралы пікір алмасты.
Түркіменстан Сыртқы істер министрі өз елі мен Иран арасындағы транзитті арттыру туралы: «Екі елдің президенттері өткен жылы Ашхабадта темір жол арқылы Иран мен Түркіменстан арасындағы жүк тасымалының көлемін жылына 6 млн тоннаға, ал алдағы 10 жылда 60 млн тоннаға арттыруға келісті» деді.
ИИР темір жол компаниясының атқарушы директоры Мохсен Пурсеид Ағаи да осы кездесуде рельстік негізде екі елдің транзит және ынтымақтастықтарының жағдайы туралы есеп ұсынып: «Қуанышқа орай, Түркіменстан Сыртқы істер министрінің көңіл бөлуі мен басқарушылығының арқасында екі ел арасындағы рельстік ынтымақтастықтар жақсы дамыған» деді.
Мохсен Пурсеид Ағаи Иран үкіметі мақсатының Серахс шекарасынан транзит көлемін арттыру екендігін айтып: «Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде биыл Иран мен Түркіменстан арасындағы транзит көлемі 3 млн тоннаға жетеді» деді.