Медведев: Ұйқылы-ояу Джо дүниежүзілік соғысты мақсат етуде
Шіл 09, 2023 17:28 Asia/Almaty
Ресей Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары АҚШ президентінің бүкіл әлемді кең ауқымды соғысқа тартуды көздеп отырғанын айтып, Украинаға кассеталық бомбалар жіберу туралы ескертті.
Соңғы күндері және Батыстың Украинаға Ресеймен соғысу үшін әскери көмегін ұлғайтқаннан кейін реакция білдірген Медведев өзінің Telegram-каналында: «АҚШ немесе кез келген басқа елдің Украинаға кассеталық бомбалар жіберуі әлемді өте қауіпті жерге айналдырады»,- деп жазды. Ресейдің бұрынғы президенті Байденнің басшылығымен АҚШ әскерінің Ауғанстаннан қашуын келеке етіп: «Ол Ауғаныстаннан қашып, осы ұятты жасыру үшін Еуропаның экономикасын жойды», - деді.