Иранның үш аралына қатысты мәселе талқыланбайды
Иранның үш аралға иелік ету құқығы талқыланбайды және БАӘ мен Ресейдің осы іске араласуына жол берілмейді.
Ресей мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің Иранның үш аралына қатысты ортақ мәлімдемесіне ИИР СІМ реакциясының бір бөлігі осындай болды.
Канани сондай-ақ АҚШ-тың Франция сотынан Иранның активтерін бұғаттауды сұрағаны туралы: "Мұндай шаралар – Иран халқының активтерін тонаудың айқын үлгісі",-деді.
Канани: "Барлық елдер АҚШ үкіметінің мұндай өтініштеріне көңіл аудармай, басқа елдерге қатысты өз міндеттемелерін орындай береді деп үміттенеміз",-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мұнафықтар лаңкестік тобы басшысының Италия Парламентінде қабылданғанын лаңкестікті қолдау және арандатудың айқын үлгісі деп атап: "Иран халқының құқығын қорғаушымыз деп уәж айта отырып, 17 мың ирандық азаматты өлтірген лаңкестік топты қолпаштап қабылдауға болмайды",-деді.