Иран Данияда Құран Кәрімге құрметсіздік білдіруді қатаң айыптады
(last modified Sat, 22 Jul 2023 11:03:21 GMT )
Шіл 22, 2023 17:03 Asia/Almaty
  • Иран Данияда Құран Кәрімге құрметсіздік білдіруді қатаң айыптады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Данияда Құран Кәрімге құрметсіздік білдіруді қатаң айыптады.

Бейсенбіде (20 шілдеде) швед-ирак азаматы бірнеше апта ішінде екінші рет Құран Кәрімді құрметсіздік білдірген соң Даниядағы әсіре оңшыл топ Копенгагендегі Ирак елшілігінің алдында Құран кітабын өртеп жіберді.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Насер Канани Чафи сенбі күні: «ИИР-ның көзқарасы бойынша Дания үкіметі Құран Кәрім мен исламдық қасиетті нәрселерге тіл тигізудің алдын алу, сондай-ақ қорлаушыларды қудалау және жазалау үшін жауапты және осыған байланысты ислам әлемінің қоғамдық пікірі Дания үкіметінің іс жүзіндегі әрекетін күтуде»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы әлемнің кез келген жерінде Құран Кәрімге және Ибраһимдік діндердің қасиеттілігіне жасалған кез келген шабуылмен тиімді күресу үшін ислам мемлекеттері мен ұлттары мен илаһи діндердің барша ізбасарларының бірлігін тағы бір рет баса айтып: «Әлемдегі 2 миллиардтан астам мұсылманның қасиетті жерлері мен құндылықтарына тіл тигізу пердесінің ар жағындағы дизайнерлердің арам ниеттеріне қарамастан, әлемнің еркін ойшылдары мен шындық талап етушілері осы зұлым фитна мен жеккөрінішті әрекеттерге бірігіп қарсы тұрып, қырағылық, бірлік пен ынтымақтың аясында   адам құқықтарын бұзғандарды әшкерелеп, өкіндіреді»,- деп мәлімдеді.