Мәскеу: Егер НАТО жауласуын қоймаса, Ресейдің ядролық қарулары Беларусьте қалады
Шіл 31, 2023 20:37 Asia/Almaty
Ресей СІМ-нің жоғары лауазымды тұлғаларының бірі: "АҚШ пен НАТО Ресейді әлсірету саясатын тоқтатпаса, Мәскеудің ядролық-тактикалық қарулары Беларусьте қалады",-деп ескертті.
Ресей СІМ-нің ТМД жөніндегі екінші департаментінің директоры Алексей Полищук "Спутник" агенттігіне берген сұхбатында: "Ресейдің ядролық-тактикалық қарулары Беларусьтен тек АҚШ пен НАТО осы екі елді әлсірету саясатын қойған кезде ғана шығарылады",-деді.
Алексей Полищук: "Ресейдің ядролық-тактикалық қарулары Беларусьте осы елдің қауіпсіздігін кепілдендіру үшін орналастырылған болатын. Бұл елдің Ресеймен қорғаныс кеңістігі бір",-деді.