Мәскеу: Егер НАТО жауласуын қоймаса, Ресейдің ядролық қарулары Беларусьте қалады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i71466-Мәскеу_Егер_НАТО_жауласуын_қоймаса_Ресейдің_ядролық_қарулары_Беларусьте_қалады
Ресей СІМ-нің жоғары лауазымды тұлғаларының бірі: "АҚШ пен НАТО Ресейді әлсірету саясатын тоқтатпаса, Мәскеудің ядролық-тактикалық қарулары Беларусьте қалады",-деп ескертті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 31, 2023 20:37 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Егер НАТО жауласуын қоймаса, Ресейдің ядролық қарулары  Беларусьте қалады

Ресей СІМ-нің жоғары лауазымды тұлғаларының бірі: "АҚШ пен НАТО Ресейді әлсірету саясатын тоқтатпаса, Мәскеудің ядролық-тактикалық қарулары Беларусьте қалады",-деп ескертті.

Ресей СІМ-нің ТМД жөніндегі екінші департаментінің директоры Алексей Полищук "Спутник" агенттігіне берген сұхбатында: "Ресейдің ядролық-тактикалық қарулары Беларусьтен тек АҚШ пен НАТО осы екі елді әлсірету саясатын қойған кезде ғана шығарылады",-деді.

Алексей Полищук: "Ресейдің ядролық-тактикалық қарулары Беларусьте осы елдің қауіпсіздігін кепілдендіру үшін орналастырылған болатын. Бұл елдің Ресеймен қорғаныс кеңістігі бір",-деді.