Польша Беларусьпен теміржол қатынасын тоқтатады
Польшаның Ішкі істер министрінің орынбасары: "Егер Беларусь арандатушы әрекеттерін одан ары жалғастырса, Варшава Литва және Латвиямен бірге осы елмен теміржол қатынасын тоқтатады",-деді.
Польшаның Ішкі істер министрінің орынбасары Мацей Вонсик бір сұхбатта: "Польша Литва және Латвиямен бірге Беларусьпен теміржол қатынасын тоқтатуы мүмкін",-деп түсіндірді.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мацей Вонсик: "Егер Беларусь ішкі іске араласушы және арандатушы әрекеттерін одан ары жалғастырса, біз бірге реакция білдіруіміз керек",-деді.
Ол Беларусьпен шекарадағы теміржол бекеттерін жапқанына тоқталып: "Латвия да осы іске қосылады деп үміттенемін. Өйткені Литва осыған қатысты Латвиямен кеңесуі керек. Сонда Беларусь толық оқшауланады",-деді.