Иран Йеменнің жағалауында Safer танкерінен мұнай алу амалдарының аяқталғанын хабарлады
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Йеменнің Ходейда айлағына жақын суларда Safer танкерінен мұнай алу амалдарының сәтті аяқталғанына ризалық білдірді.
Safer танкері Ходейда қаласындағы Рас Иса айлағына жақын жерде зәкір тастағанына шамамен 5 жыл уақыт өтті. Онда 1 млн-нан аса баррель "Мариб" жеңіл мұнайы болды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани дүйсенбі күні: "Үш жыл бұрын ИИР экологиялық қатерді жою үшін БҰҰ-ға йемендіктер және осы халықаралық ұйымның бақылауымен ерікті түрде және өзінің қаражатына мұнайды тасымалдауға дайын екенін жариялады",-деді.
Насер Канани БҰҰ мен Йеменнің ұлттық құтқару үкіметінің талпыныстарына алғыс айтып: "Гуманитарлық және экологиялық апаттардың алдын алу үшін жасалған шаралар Йемендегі қоршауды толық жоюға бастама бола алады",-деп үміт білдірді.