Foreign Affairs: Аятолла Хаменеи Иранды Батыс Азияның жетекші державасына айналдырады
(last modified Sun, 10 Sep 2023 13:05:34 GMT )
Қыр 10, 2023 19:05 Asia/Almaty
  • Foreign Affairs: Аятолла Хаменеи Иранды Батыс Азияның жетекші державасына айналдырады

АҚШ-тың Foreign Affairs басылымы: "Ислам революциясының жетекшісі Иранды Батыс Азияның жетекші державасына айналдырады",-деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Foreign Affairs басылымының мақаласында: "Аятолла Хаменеи Батыс Азияны жетекші державасы Иран болып табылатын аймаққа айналдырады",-делінген.

Бұл басылымда: "Иран Батыстың санкцияларынан жеңіспен шықты",-делінген.

Foreign Affairs басылымының жазуынша, АҚШ басшылары бірінен кейін бірі қаржылай және дипломатиялық қысымдардың Иранды ядролық жетістіктерден бас тартуға мәжбүрлейді деп үміттенді, бірақ батыстықтар өз есебінде жаңылысты.

Foreign Affairs басылымы Иран, Ресей мен Қытайдың әріптестігін АҚШ-ты халықаралық сахнада оқшаулауға бағытталған қадам деп атады.

Foreign Affairs басылымы сондай-ақ: "Иранның халықаралық сахнадағы әріптестік деңгейі артып келеді. Бұл елдің БРИКС-ке мүше болып қосылуы – осы сөзіміздің дәлелі",-деп жазды.  

Тегтер