Теһран мен Вашингтон тұтқындарды алмастыруды жалғастырады
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер Теһран мен Вашингтон арасындағы тұтқын алмасу процесінің жалғасатынын хабарлады.
Иранның тәркіленген активтерін босатуды бастау және Теһран мен Вашингтон арасындағы тұтқындарды айырбастау процесі тараптар арасындағы екі жылдық жанама келіссөздерден кейін (10 тамызда) жарияланды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мэттью Миллер дүйсенбі күні тілшілер алдында Теһран мен Вашингтон арасындағы тұтқын алмасу келісімі туралы: "Америка азаматтарын Ираннан босату процесі жалғасуда",- деді. Бірақ қосымша мәліметтер беруден бас тартты.
Бұған дейін Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Насер Канани дүйсенбі күні тілшілер алдында екі жақтың келісімі негізінде Иран мен Америка арасындағы тұтқындарды айырбастау мәселесіне қатысты: «Тұтқындарды айырбастау жақын арада жүзеге асады деген сенімдеміз",- деді.