Келесі аптада Иран активтерін Катар банктеріне ауыстыру процесі аяқталады
Катар Сыртқы істер министрі Амирабдуллахианмен телефон арқылы сөйлесуінде келесі аптада ирандық активтерді Катар банктеріне ауыстырумен байланысты барлық процестердің аяқталатынын хабарлады.
Иранның Сыртқы істер министрі Амирабдуллахиан мен Катар Премьер-Министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммад бен Абдулрахман Әл Тани екі елге маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.
ИИР Сыртқы істер министрі телефон арқылы сұхбатында Катар үкіметінің Оңтүстік Кореядан Иранның мүлкін және тұтқындарды босатуға байланысты сындарлы рөлін жоғары бағалады.
Катардың Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммад бен Абдулрахман Әл Тани де осы телефон арқылы сөйлескен кезде Иран Ислам Республикасы мен үшінші тараптарға қатысты кейбір мәселелер саласындағы даму үдерісі мен қол жеткізілген ілгерілеушілікке ризалығын білдіріп, алдағы апта ішінде Иранның мүлкін Катар банктеріне өткізуге қатысты барлық процестердің аяқталатынын хабарлады. Осы сұхбаттын жалғасында тараптардың келісілген күні және Катар үкіметінің қатысуымен Иран мен АҚШ арасындағы тұтқындарды алмасуға дайындығы баса айтылды.