Иравани: Сирияда гуманитарлық жағдай өте ауыр
(last modified Thu, 28 Sep 2023 11:38:04 GMT )
Қыр 28, 2023 17:38 Asia/Almaty
  • Иравани: Сирияда гуманитарлық жағдай өте ауыр

БҰҰ-дағы ИИР-дың елшісі Сирияда гуманитарлық жағдайдың өте ауыр екенін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Иравани сәрсенбі күні, 27 қыркүйекте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің "Батыс Азияның жағдайы: Сирия" тақырыбында өткен отырысында: "Сирияда гуманитарлық жағдай бұрынғыдай өте ауыр. Бүгінде Сирия бетпе-бет келіп отырған ең маңызды түйткілдердің бірі – оның дағдарысқа ұшыраған экономикасы. Бұл ең алдымен біржақты санкциялар мен ресурстарды заңсыз пайдаланудың салдарынан туындаған жағдай.  Бұл екі факт Сириядағы әйелдерге, балаларға және басқа адамдарға тиісінше әсер етеді. Сирияға гуманитарлық көмек жасау және оны жөндеуге талпыну осы елге қысым жасау құралы ретінде пайдалынбауы тиіс",-деді.

Иравани: "ИИР-дің сенімінше, Сирия дағдарысын шешудің басты жолы – саяси құралдар. Өйткені әскери шаралар жағдайды одан ары күрделендіре түседі. Саяси үдерісті ілгерілетудің әсерлі механизмі ретінде конституциялық комитеттің жиналыстарын қайта бастаудың маңыздылығын баса айтамыз. Комитеттің жиналысын өткізетін жерге қатысты қайшылықтар тез арада шешіліп, оның жұмысы қайта басталатынына үміттенеміз. Өйткені осы комитеттің жұмысын жалғастыру өте маңызды. Қайда өтетіні аса маңызды емес",-деді. 

Тегтер