Ресей Өзбекстанға табиғи газ тасымалдай бастады
Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау үш ел басшыларының қатысуымен өткен рәсімде басталды.
Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Президенті Владимир Путин: "Бұл жоба Мәскеудің Астана және Ташкентпен стратегиялық ынтымақтастығын арттырады",-деді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің тұрақты дамуы үшін табиғи газдың маңыздылығына тоқталып, Ресей газының Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдана бастауын тарихи жетістік деп атады.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан және Ресеймен мұнай-газ саласында әріптестікті кеңейтуді қалайды.
Өткен жылы қарашада Ресей Қазақстан мен Өзбекстанға үшжақты газ одағын құруға ұсыныс жасады.
Ресей – Қазақстан мен Өзбекстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі.