Иран Сыртқы істер министрі Америкаға Газадағы геноцидті тоқтатуды ескертті
ИИР Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас ассамблеясының Газа туралы төтенше отырысында: «АҚШ пен кейбір Еуропа елдері сионистік режимге қолдау көрсетуді тоқтатып, Газа мен Палестинадағы геноцидті тоқтатуы керек»,- деді.
Амирабдуллахиан Иранның Батыс Азия аймағының қауіпсіздігіне қауіп төндіргісі келетін ешбір тарапқа немесе елге рұқсат етпейтінін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі: «БҰҰ қарарына сәйкес, Палестина жерінің барлығы басып алынған және Палестина халқы өз жерін қорғауға құқылы»,- деп мәлімдеді. Амирабдуллахиан: «Басқыншылықты ұзартудың басқыншыға ешқандай құқық тудырмайтынын баса айтып: «Палестина халқы өзін-өзі анықтауға құқылы және өз тәуелсіздігі туралы шешім қабылдай алады»,- деді. Амирабдуллахиан Америка билігіне ескерту жасап, егер қақтығыс ауқымы бақылауға алынбаса, олардың өздері де қауіпсіз болмайтынын айтты.