Ирак қарсыласу күштері АҚШ-тың Сириядан мұнай ұрлауын тоқтатты
Жел 10, 2023 21:09 Asia/Almaty
Ирактағы бір қауіпсіздік сарапшысының айтуынша, қарсыласу күштерінің Сириядағы АҚШ әскери базасына шабуылдары америкалық әскерилердің соғыс жағдайына көшуіне себеп болды, сондықтан Сириядан Иракқа мұнай контрабандасы тыйылды.
Садық Абдулла "әл-Мәлуме" ақпарат сайтына берген сұхбатында: "Одақтастарының көмегімен Сирияда бірнеше мұнай кенішін бақылауда ұстап отырған америкалық әскерилер айына құны 15 млн доллар тұратын мұнайдың 3-4 партиясын ұрлап отырған. Осы ақшаны АҚШ және оның одақтастары күштерінің амалдарын қаржымен қамтамасыз етуге жұмсаған",-деді.
Тегтер