Иран мен Сауд Арабиясының сауда-экономикалық қатынасын дамыту керек
Дүниежүзілік босқындар ассоциациясының жиналысына қатысу үшін Женеваға барған Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханмен кездесіп, сұхбаттасты.
Амир Абдуллахиан Иран мен Сауд Арабиясы басшыларының сәтті кездесуіне тоқталып, Сауд Арабиясының эр-Риядта Палестина мәселесіне қатысты ислам және араб елдері басшыларының саммитын өткізгеніне алғыс айтты.
Амир Абдуллахиан Иран мен Сауд Арабиясын аймақтағы аса маңызды да ықпалды екі ел деп атап, саяси қатынастың дамып жатқанына ризалық білдіріп, екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын дамыту керегін айтты.
Ол өзара қарым-қатынастың біртіндеп дамып келе жатқанын айтып: "Иран екі елдің түрлі салалардағы байланыстарын нығайтуға дайын",-деді.
Амир Абдуллахиан сондай-ақ Палестинадағы өзгерістер және сионистік режимнің Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауы тұрғындарына қарсы соғыс қылмыстарының жалғасып жатқанын айтып, екі ел мен аймақтағы басқа ислам елдерінің атысты тез арада тоқтату және Палестина халқына гуманитарлық көмек жіберу үшін сионистік режим мен АҚШ үкіметіне қысым жасауы керегін баса айтты.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Амир Абдуллахианмен кездескеніне ризалық білдіріп, екі ел қатынасының дұрыс бағытта екенін айтып: "Өзара байланыста оң үдеріс байқалады. Біз екі елдің қарым-қатынасын дамытуды қолдаймыз",-деді.