Қаң 14, 2024 19:45 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның әйелдерге қатысты қатыгездік жөніндегі баяндамашысы Кермандағы шабуылдың лаңкестік әрекет болғанын мойындады

БҰҰ-ның әйелдерге қатысты қатыгездік жөніндегі баяндамашысы ИИР Президенті көмекшісінің әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар туралы хатына жауабында Кермандағы шабуылдың лаңкестік әрекет болғанын мойындады.

Сәрсенбі, 3 қаңтарда Иранның оңтүстігіндегі Керман қаласының зиратына барар жолда қажы Қасым Сүлейманидің шәһид болғанына 4 жыл толуына орай өткізілген рәсімде зияратшылар арасында лаңкестік жарылыс болды. Соның салдарынан 94 адам, оның ішінде  бірнеше бала қаза тапты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ-ның әйелдерге қатысты қатыгездік жөніндегі баяндамашысы Рим әл-Салам баяндамашысы ИИР Президентінің көмекшісі Сакине Садатпадтың әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету туралы хатына жауабында Кермандағы шабуылдың лаңкестік әрекет болғанын мойындап, бұл қылмысты айыптады.

ИИР Президентінің көмекшісі БҰҰ-ның әйелдерге қатысты қатыгездік жөніндегі баяндамашысына жазған хатында олардан Керманда сардар Сүлейманиды еске алу рәсімі кезінде орын алған оқиғаға қатысты ұстаным білдіріп, лаңкестік әрекетті айыптауды сұрады.   

Тегтер