Guardian: Америка аймақтағы қарсыласу осін нысанаға алу арқылы Иранның аймақтық қуатын жоя алмайды
Қаң 25, 2024 21:49 Asia/Almaty
Guardian: "Америка Батыс Азияда бұрынғы күшке ие емес және Иран аймақтағы қарсыласу топтары үшін шабыттандырушы",- деп жазды.
«Гардиан» газетінің жазуынша, кейбір араб елдерімен қарым-қатынастың қайта жандануы және Қытай және Ресеймен одақтасу Иранның қуатын айқынырақ көрсетті. Аталмыш газет: «Иранға қарсы санкциялар мен қоқан-лоққылар тиімсіз және Америка мен Батыс бұл елге деген көзқарастарын дереу қайта қарауы керек»,- деп баса айтты.