Пентагон Йорданиядағы базада әуе қорғаныс жүйесінің істен шығу себебін тексеріп жатыр
АҚШ Қорғаныс министрлігі: "Пентагон Йорданиядағы базада әуе қорғаныс жүйесінің істен шығу себебін анықтауға талпынып жатыр. Дрондық шабуылда кемінде 3 америкалық сарбаз қаза тауып, 30-дан аса адам жараланды",-деді.
АҚШ-тың бір шенеунігі Al-Jazeera арнасына: "Йорданиядағы АҚШ базасына жасалған шабуылда жараланғандар саны 30 адамнан асты",-деді.
Associated Press-тің хабарлауынша, Йорданиядағы АҚШ базасында әуе күштері, инженерлік-техникалық және қауіпсіздік қызмет бөлімдері орналасқан.
"Вашингтон пост" газеті де Пентагон басшыларының біріне сілтеме жасап: "Дрон базадағы америкалық сарбаздар жатақханасын нысанаға алды",-деп хабарлады.
Бір америкалық шенеунік Associated Press агенттігіне: "Үлкен дрон Йорданияның Сириямен шекарасына жақын жерде орналасқан АҚШ базасын нысанаға алды",-деді.