Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен мұнайдан тыс саудасының арту себептері
(last modified Fri, 16 Feb 2024 10:58:04 GMT )
Ақп 16, 2024 16:58 Asia/Almaty
  • Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен мұнайдан тыс саудасының арту себептері

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тарапынан жарияланған мағлұматтар көрсеткендей, Иранның осы ұйымға мүше елдермен сауда көлемі санкцияларға қарамастан артқан.

Х.ш.ж.с.б. 1402 жылдың басынан дей айына дейін (2023 жыл наурыз-желтоқсан) құны 37 138 473 долларды құрайтын 64 млн 311 мың тонна мұнайдан тыс тауар Иран мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше 11 ел арасында алмасылған. Бұл былтырғы жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда салмақ тұрғысынан 40,7 пайызға, құн тұрғысынан 5,5 пайызға өскен.

Көршілес әрі жақтас елдермен қарым-қатынасты дамыту және ынтымақтастықты арттыру – Иранның он үшінші үкіметінің ең маңызды стратегияларының бірі. 1400 жылдан осы күнге дейін аталмыш стратегияға әрдайым баса назар аударылып, ел үшін оң нәтижелерге қол жеткізілді. Он үшінші үкімет экономикалық мүдделерді ілгерілету жолында жұмыс істеп жатыр. Сол себепті импорт пен экспорт, өзара инвестицияны арттыру және ынтымақтастық деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар күн тәртібіне қойылған. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болып кіру де осы шаралардың қатарына жатады.

Иран үкіметі дипломатиялық іс-шаралар арқылы ШЫҰ-ның барлық мүшелерін Иранды осы ұйымға қабылдауға көндіре алды. Осы аяда Иран Президенті Ибрахим Раиси 2021 жылы қыркүйекте Тәжікстанға іссапарға барып, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 21-ші саммитіне қатысып, Иранның осы ұйымдағы мәртебесін "бақылаушыдан" "тұрақты мүшеге" өзгертуге рұқсат алды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 3 млрд-тан аса адамды қамтып, әлем бойынша жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамына ие болып, 4 ядролық алпауыт пен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2 тұрақты мүшесін құрамына алып отырғандықтан аймақтық ынтымақтастықты арттыру, соның ішінде Иранмен сауда-экономикалық қатынасты нығайту үшін пайдалы тәжірибе болмақ.

ШЫҰ басында саяси-қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа негізделсе де, кейінгі жылдары Батыс елдері Ресей мен Қытайға санкция салғаннан кейін  экономикалық ынтымақтастыққа бет бұрды.

Осы арада Иранның географиялық жағдайы және мұнай мен газдың мол қорына ие болуы ШЫҰ-ға мүше елдер үшін сауда-экономикалық қатынасты дамытуға қолайлы мұрсат болып отыр. Иран өте маңызды аймақта орналасқан. Иран Парсы шығанағы, Батыс Азия, Орталық Азия, Кавказ және Үнді түбегіне жапсарлас орналасқан. Ол Азия, Еуропа мен Африканы байланыстыратын транзиттік көпір бола алады.

Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен сауда айналымының артуы аймақ пен әлем бойынша экономикалық алпауыт ретіндегі осы ұйым аясында әрекет етудің санкцияға ұшыраған және мұнайдан түсетін табысқа тәуелділіктен арылғысы келетін Иран үшін қолайлы мұрсат екенін көрсетіп отыр.