АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Украинадағы жағдайды ауыр деп сипаттады
(last modified Wed, 28 Feb 2024 12:36:30 GMT )
Ақп 28, 2024 18:36 Asia/Almaty
  • АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Украинадағы жағдайды ауыр деп сипаттады

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби: «Украиндар территориясынан айырылып жатыр және оны қорғауға оқ-дәрілері жоқ»,- деді.

 

АҚШ президенті Джо Байден конгресс басшыларымен кеше кешкі кездесуде Украинаға көмек көрсетудің жаңа пакетін бекітуді сұрады. АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы республикашылдар екі апта бойы Украинаға 60 миллиард доллар көлемінде көмек көрсету пакетін қарап, мақұлдаудан бас тартты.

Өткен аптада Украина стратегиялық маңызы бар Авдеевка қаласынан шығуға мәжбүр болды. Украина билігі әскерлерді шығару себебін оқ-дәрілердің жоқтығы мен ел сарбаздарының өмірін сақтап қалу әрекеті деп мәлімдеді. Украина президенті сондай-ақ қару-жарақтың жоқтығы Мәскеуге ұрыс даласында басымдыққа ие болуға мүмкіндік беретінін ескертті.