Maм 28, 2024 20:47 Asia/Almaty
  • Әлемдік оқиғаларға шолу:  Әлем Израильге қарсы көтерілді; Жаңа американдық қарулар Тайваньға жіберіледі  

Берлиннен Бағдадқа дейін әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған адам көшеге шығып, Израиль армиясының Рафахтағы аяусыз қылмысы мен палестиналық босқындарды өлтіруін айыптады.

 

Әлемнің Израильге қарсы көтерілуі, Германия армиясының әскер жинау үшін ТикТок қолдануы, АҚШ-тың Тайваньға жаңа қару-жарақ жіберу жоспары, Қытайдың Оңтүстік Корея және Жапониямен интеграцияны арттыру қадамы және Ливияда Израильге қарсы санкциялық науқандарды белсендіру - соңғы сағаттардағы әлемдік жаңалықтар.

Қытайдың Оңтүстік Корея және Жапониямен жақындауын арттыру қадамы

Дүйсенбі күні Қытай премьер-министрі Ли Цян Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония арасындағы 9-шы «үшжақты саммиттің» басында өз елінің Оңтүстік Корея және Жапониямен жан-жақты үшжақты ынтымақтастықты қалпына келтіргісі келетінін мәлімдеді. 

Америка: Украинаға қарағанда біз Тайваньға жаңа қару береміз

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының сыртқы байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Майкл Макколл Тайвань президенті Лай Чинг Темен кездесуінде: "Вашингтон Тайваньға соңғы жетілдірілген қару-жарақ жүйелерін беруді жоспарлап отыр. Украинаға бергені сияқты ескі қаруларды жібермейді",- деп жариялады. Қытайдың пікірінше, Тайвань бұғазындағы шиеленістің күшеюінің басты себебі АҚШ.  

Германия армиясының Тиктокты әскерлерді жинау үшін пайдалануы

Германия армиясы жасақтарды жасақтау үшін жастар арасында танымал TikTok бейне платформасын қолдануды жоспарлап отыр. Неміс армиясының өкілінің айтуынша, бұл бастама осы айдың соңында Германия бойынша кең тараған жаңа бағдарламаға негізделген тәсілді енгізуден басталады. 

НАТО-ның ядролық шабуылдар жасау әрекеті туралы Ресейдің алаңдауы

ISNA агенттігінің хабарлауынша, Ресей Федералдық шекаралық қауіпсіздік қызметінің басшысы  Владимир Кулишов НАТО-ның Ресейге шабуыл жасау үшін ел шекараларына жақын жерде ядролық жаттығулар өткізіп жатқанын хабарлады.   

Израильге қарсы жаһандық көтеріліс

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, әлемнің түкпір-түкпірінде адамдар өздерінің шерулерімен Рафахтағы израильдік басқыншылардың қылмыстарын айыптай отырып, Газа соғысы мен сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуды талап етті. Бұл шерулер әртүрлі қалаларда, соның ішінде Стамбұл, Манчестер, Бағдад және Берлинде өтті.

Сионистік режим өзінің соңғы қылмысында жексенбіге қараған түні Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласының солтүстік-батысындағы шатырлар мен босқындарды орналастыру орталықтарын бомбалады. Бұл жауыз шабуылда кем дегенде 50 палестиналық шәһид болды.  

Гутерриштің Израильдің Рафахқа шабуылына реакция білдірді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш кеше сионистік режимнің Рафах қаласына жасаған шабуылын айыптап, Газада қауіпсіз жер қалмағанын мәлімдеді.  

Ливияда Израильге қарсы халық  топтарының белсенділігі артуда

Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Ливияда сионистік режимді қолдайтын елдердің тауарлары мен өнімдеріне бойкот жариялау науқандары жалғасуда. Соңғы күндері Ливия азаматтары сионистік режимді қолдайтын елдердің тауарлары мен өнімдеріне бойкот жариялаумен қатар, антисионистік шерулер өткізіп, палестиналықтардың қырғынын тоқтатуды талап етті.  

Басқа жаңалықтар тақырыптары:

Алжир Рафахтағы басқыншылардың қырғының қарастыру үшін Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді талап етті.

Пәкістан: Израильдің Рафахтағы палестиналық босқындарға қарсы шабуылы халықаралық құқықты бұзу болып табылады.

Түркияда Израиль режимінің консулдығы өртенді.

Израиль Газадағы Индонезия ауруханасына ауыр шабуыл жасады.                                                                                                                                                                                                                  

 

Тегтер