АҚШ өтірік айтады
(last modified Mon, 24 Jun 2024 16:48:01 GMT )
Маусым 24, 2024 22:48 Asia/Almaty
  • АҚШ өтірік айтады

АҚШ-тың қару-жарақтарын тасымалдаған 10 ұшақ басып алынған жерлерге қонды.

Ақпарат көздері АҚШ-тың әскери техникасы мен қару-жарақтары үлкен көлемде басып алған жерлерге (Палестина) жөнелтілгенін хабарлады.

Al-Mayadeen арнасы сионистік режимнің ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ-тың қару-жарақтарын тасымалдаған 10 ұшақ басып алынған жерлерге қонды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израильдің 12-ші арнасының мәліметіне сәйкес АҚШ Президенті Джо Байден үкіметі басып алынған жерлерге жолдау жіберіп, өз саясатын өзгертпейтінін, сионистік режимді толық қолдайтынын айтты.

Кейбір америкалық ақпарат көздері бұған дейін соңғы айларда Вашингтонның сионистік режимге қару-жарақ жөнелтуінің 50%-ға азайғанын мәлімдеген болатын.

Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху соңғы апталарда сионистік режим мен АҚШ арасында келіспеушілік барын айтып, бірнеше рет Джо Байден үкіметін Израильге қару-жарақ жіберуді кешіктіргені үшін сынаған болатын.

Сионистік режим мен АҚШ арасындағы соңғы уақытта кең тараған дау-дамай негізінен АҚШ-тың имиджін жақсарту және бұл елді Газада жасалған қылмыстардан тазарту мақсатындағы БАҚ әрекеттерімен байланысты болған сияқты. АҚШ үкіметі Газада соғыс басталғаннан бері Тель-Авивке әскери және логистикалық көмегін аяған жоқ. Осы себепті халықаралық қауымдастық Вашингтонды Израильдің осы сектордағы қылмыстары мен геноцидіне ортақтас деп санайды.

2023 жылы 7 қазанда Израиль режимі Батыс елдерінің жан-жақты қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестина халқына қарсы соғыс ашып, жаңа ауқымды қантөгіс бастады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес сионистік режимнің Газаға шабуылында осы күнге дейін 37 мыңнан аса палестиналық шәһид болып, 85 мыңнан аса адам жараланды.  

Тегтер