АҚШ армиясы жеңіліс нүктесінде: Жеткілікті ресурстардың болмауы және жас кадрлардың тапшылығы
(last modified Wed, 31 Jul 2024 12:38:49 GMT )
Шіл 31, 2024 18:38 Asia/Almaty
  • АҚШ армиясы жеңіліс нүктесінде: Жеткілікті ресурстардың болмауы және жас кадрлардың тапшылығы

The Foreign Policy сараптамасына сәйкес, АҚШ-тың әскери күштері қазіргі таңда жеңіліс нүктесінде тұр. Дайындығын қалпына келтіруге қажетті ресурстарды қоспай, әскерге көбірек әскери жүктеме беру көптеген сәтсіздіктерге ұшыратады.

«Newsweek» журналы: "АҚШ халқының әскерге деген сенімінің төмендеуі және жас америкалықтардың өз елінің әскерінде қызмет етуге қызығушылығының төмендеуі – АҚШ үшін ауыр дағдарыс",-деп жазды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2024 қаржы жылының екінші айында АҚШ армиясына белсенді жалдау белгіленген жалдау мақсаттарынан 30-40 пайызға төмен болды.  Сондай-ақ, осы уақыт аралығында құрлық, теңіз және әуе күштерінде, сондай-ақ Америка ұлттық гвардиясында резервтік күштерді жасақтау 20%-ға қысқарды.

«Newsweek» журналы бұл сандардың АҚШ әскері үшін ауыр тенденцияның жалғасып жатқанын білдіретінін айтып: "Әскерге деген сенім ең төменгі деңгейде",-деді.

Бұл журнал соғыстардағы нашар көрсеткіштеріне қарамастан, АҚШ үкіметі өз халқына соғыстың жеңіл және арзан бейнесін ұсынатынын айтып: "Әскери базалар санын арттыру көбінесе жалған сылтаулармен және қымбат қарызға негізделген қаржыландырумен жүзеге асырылады. Бұл мәселе халықтың әскерге деген сенімін төмендетті",-деді.

Журнал өз мақаласының басқа бір бөлігінде: "АҚШ үкіметі 2001 жылдан бері соғысқа тікелей 2 трлн доллар жұмсаумен қоса, 925 млн долларды пайыздарды өтеуге жұмсады. Америка халқы бұл шығындарды әлі де төлеуде",-деді.  

«Newsweek» журналы АҚШ үкіметінің соғыстарды ақтау және жалғастыру үшін шындықты бұрмалауға ұмтылып отырғанына тоқталып: "Соғысқа қатысу әрқашан америкалық қоғамның әлсіз бөлігіне жүктелген. Олар негізінен қоғамның төменгі әлеуметтік-экономикалық топтарында шоғырлаған. Бұл топ соғыс алаңында өлу, өз-өзіне қол жұмсау, әлсірететін жарақаттар, психикалық аурулар және нашақорлықпен күресіп жатыр",-деп жазды.

«Newsweek» журналы АҚШ армиясындағы ауыр дағдарыс жайлы айтып отырғанда The Foreign Policy өз мақаласында АҚШ Ұлттық қорғаныс стратегиясы комиссиясының баяндамасына сілтеме жасай отырып: "АҚШ стратегиясы Еуропа мен Батыс Азияда ұлғайып келе жатқан қауіп-қатерлерге және Ресей мен Қытай арасындағы интеграцияға қарсы тұру үшін «жеткіліксіз»",-деп жазды.

The Foreign Policy: "Осы комиссияның мойындауы бойынша, әсіресе әлемде бір уақытта бірнеше соғыстар болса, АҚШ-тың соғыс ресурстары шектеулі. НАТО-ның қорғанысты жоспарлаушылары АҚШ-тың Еуропадағы одақтастарының АҚШ-қа тәуелділігін азайту үшін әскери мүмкіндіктерді арттыруға бел байлауы керек",-деп еске салды.

The Foreign Policy сараптамасы бойынша, АҚШ-тың әскери күштері қазіргі таңда жеңіліс нүктесінде тұр. Дайындығын қалпына келтіруге қажетті ресурстарды қоспай, әскерге көбірек әскери жүктеме беру көптеген сәтсіздіктерге ұшыратады.

АҚШ Ұлттық қорғаныс стратегиясы комиссиясының зерттеу нәтижесі бойынша, АҚШ армиясында соғысты тежеп тоқтатып, жеңіп шығуға қажетті әлеует жоқ.